21.05.2023, 18:43
Оқылды: 51

Жер учаскелерiн шетелдіктерге беруге қатаң тыйым салынған – АШМ өкілі мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желіде Қазақстанда жерді жалға беру ұсынылған жарнама туралы жазба тарады. Ауыл шаруашылығының өкілдері жер учаскелерiн шетелдіктерге беруге қатаң тыйым салынғанын айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

918051E8-DCAF-4C22-AD76-29B7F750B35F

Жер комитетінің төрағасы – ҚР Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы Мұрат Теміржанов жер мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 24-бабының талаптарына сәйкес, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары, халықаралық ұйымдар, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтар, сондай-ақ қандастар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншік немесе жер пайдалану құқығымен иелене алмайды, яғни ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн шетелдіктерге беруге қатаң тыйым салынған.

«Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған (ерлі-зайыпты) Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке және жер пайдалану құқығымен беруге жол берілмейді. Әлеуметтік желіде жарияланған Қытай елінің сайтындағы Қазақстан аумағындағы жерлердің сатылатындығы туралы ақпарат жалған екендігін мәлімдейміз», - дейді Мұрат Теміржанов. 

Теміржанов егер кез келген субъектілер тарапынан аталған заң нормаларын бұзу деректері анықталған жағдайда оларға жол берген субъектілер заңнама талаптарына сәйкес жауапқа тартылады және бұл мәселе Министрліктің тұрақты бақылауында екенін атап өтті.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале