Бөрлі ауданындағы мемлекеттік қызметкерлер өз мықтылықтарын тағы бір дәлелдеді.
Нақтырақ, Орал қаласында өткен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілер күніне орайластырылған дәстүрлі мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиадада ауданымыздың мемлекеттік қызметшілері жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді.
Жарысқа облысымыздан 19 команданы қамтыған 1000-нан астам мемлекеттік қызметші атысып, спорттың 15 түрінен бақтарын сынады.
Спартакиада үш кезеңге бөлініп өткізіліп, алғашқысында шаңғы жарысы, тоғызқұмалақ, екінші кезеңінде шахмат,асық ату, үстел теннисі, шағын футбол, жеңіл атлетика, баскетбол, үшінші кезеңінде қол күресі, волейбол, қазақ күресі, президенттік көпсайыс, арқан тартыс, бильярд спорт түрлері бойынша өткізілден еді.
Жалпы жарыс қорытындысы бойынша шаңғы жарысында, жеңіл атлетиканың 60 және 2000 мерт қашықтықта, еркін жүзу мен Президенттік көпсайыста (29 жас) Әсем Шукатова алдына жан салмай, жеңіс тұғырынан көрінді.
Ал бес асық ойнында Ақмарал Исмағұлова, Айнаш Иштаевалар мен Исатай Қарабаев, Асхат Серіктердің асығы алшысынан түсіп, алтын медальды еншіледі.
Қазақ күресінен 74 келі салмақ дәрежесінде - Асхат Серік, 90 келі салмақ дәрежесінде - Айдархан Өтеғали, +90 келі салмақ дәрежесінде - Асылжан Жанғалиевтар екінші орынды қанжығаға байлады.
Шалқадан жүзу спорты бойынша Жанар Жұмашеваға тең келер ешкім болмады. Аталған спорт түрінен Мұхтархан Өтеғали мен Айнұр Кұрманқұловалар екінші, ал Сағадат Қабдолла үшінші орынды иеленді.
Шағын футболдан Ізбасар Габидуллин, Нұрберген Абденжанов, Фархат Құсаинов, Марат Ерғалиев, Азамат Есболатов, Ержан Жұмағалиев, Дархан Ақмамбетовтардан және ерлер арасындағы баскетболдан Исатай Қарабаев, Ізбасар Габидуллин, Азилхан Зарифов, Асхат Серік құралған команда үшінші орынды иеленді.
Әйелдер арасындағы баскетбол және волейбол спорт түрінен Ақмарал Исмағұлова, Әсем Шукатова, Нұрия Баймұратова, Айнұр Құрманқұлова, Әсия Қасанова, Нұргүл Кульписова, Салтанат Досунбетова, Шолпан Сисенова, Альбина Мустиевалардан құралған команда бірінші орынды еншіледі.
Көптің қызығушылығын тудырған арқан тартыс спорт түрінен де біздің мемқызметшілер топ жарып, көпшіліктің қошеметіне бөленді.
Бұл спорт түріне Исатай Қарабаев, Асылжан Жанғалиев, Нұрлан Ғазиев, Нарынбек Қаймулдинов, Жанар Жұмашева, Альбина Мустиева, Темірлан Мендіғалиев, Әлия Хайруллииевалар қатысқан еді.
Айым Нұрғалиева,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz