23.05.2023, 12:45
Оқылды: 36

Көктемгі далалық жұмыстармен танысты

«AMANAT» партиясы БҚО филиалы жанындағы экономика, кәсіпкерлікті дамыту және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі облыстық кеңесінің көшпелі отырысы Бәйтерек ауданында ұйымдастырылды.

Облыстық мәслихаттың депутаты Сержан Идиятов бастап келген кеңес мүшелері «AMANAT» партиясы БҚОФ-ның ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі Кенжалы Төремұратов және консультанты Райгүл Төлегенова, баспасөз-хатшысы Светлана Аманғалиева Атамекен ауылдық округіне қарасты  «Авангард» ЖШС-ның көктемгі егістік жұмыстарымен танысты.

 

ЖП дала (1)

Атамекен ауылдық округіне қарасты «Авангард» ЖШС базасында болған шара барысында кеңес мүшелері көктемгі егістік жұмыстарымен танысты. Серіктестік директоры Сергей Ихсановтың айтуынша, шаруашылықта бүгінгі күні 29 мың гектар егін алқабы бар.  Өткен жылы егін бітік шығып, мол өнім алынды. Биыл да егін шығымы жақсы боларына сенім зор. Қазір егін егу науқаны қарқынды жүріп жатыр. Бір аптаның ішінде көктемгі далалық жұмыстар аяқталады деп күтілуде.

ЖП дала (3)

Партия өкілдері егістік жұмысына қатысты қандай мәселе бар екенін сұрады. Сергей Ихсановтың сөзіне қарағанда, батысқазақстандық диқандарға ортақ мәселе - жанармай жетіспеушілігі. Тағы бір түйткіл, қызметкерлерге қатысты. Бүгінгі күні көп ешкім таңның атысы, күннің батысы далада жүргісі жоқ.  Сол себепті жұмысқа келгендер көп тұрақтамайды. Әсіресе жастардың ауырдың үстімен жүргісі келетіні оның жанына батады.  «Үйренем деген азаматтар болса, бар білгенімді айтып, тәжірибеммен бөлісуге дайынмын», - деді Сергей Иманғалиұлы.

Ал жалпы шаруашылықта тұрақты жұмысшы саны - 130.

ЖП дала (2)

Көшпелі кеңес мүшелері еліміздің берекесін арттыруға үлес қосып жүрген «Авангард» ЖШС секілді шаруашылықтардың тасы өрге домалауына, бәйтеректік диқандар қамбасы толуына тілектес екендерін білдіріп, аттанды.

Нұрсәуле Әбілпейсова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале