«Бірлік» қоғамдық бірлестігінің теолог маманы Анаргүл Демеутова Федоровка №1 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларымен жүздесті.
Кездесуде Анаргүл Темірболатқызы оқушыларға теріс діни ағымдардың арбауынан қорғану жолдары, зайырлылық ұғымы, Қазақстан Республикасының заңнамалары, дәстүрлі діни ағым мен теріс діни ағымның айырмашылығы жөнінде мағлұматпен бөлісті.
Сонымен қатар теолог шәкірттерге деструктивті ағым өкілдерінің әлеуметтік желілерде өте белсенді екенін, сондықтан әрдайым мұқият болу қажеттігін түсіндірді.
Жиынға қатысушылар түрлі сұрақтарын қойып, жауап алды. Әсіресе, оқушылардың ораза ұстауына қатысты сұрақтарға теолог тарапынан толыққанды жауап берілді.
Аяулым Бақтығали,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz