23.05.2023, 19:53
Оқылды: 33

Сүйінші, хирург келді!

Қаратөбе аудандық ауруханасына жас маман дәрігер-хирург келді.

IMG_3318

“Сүйінші, хирург! келді”, - деп жар салуымызға себеп бар. Аудандық аурухана кейінгі жылдары кадрлық дағдарысты бастан кешіріп, халық дертіне дауа сұрар дәрігер таппай қиналып жүрген. Скальпельдің бос жатқанына біраз болған.
Жаңа хирург Нұрбол Құдайберген 1996 жылы Түркістан облысы, Абай ауылында дүниеге келген.
2013-2018 жылдары Түркістан қаласындағы "Қожа Ахмед Яссауи" атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін жалпы хирургия мамандығы бойынша тамамдаған.
2018-2020 жылдары Шымкент қаласында интернатурадан өткен.
2021-2023 жылдың сәуір айына дейін Ұлытау облысының Жәйрем орталық аудандық ауруханасында хирург мамандығы бойынша қызмет еткен.
2020-2022 жылдары аурухана жанынан отоларингология (ересектер,балалар) мамандығы бойынша Мәскеу қаласында РФ ДСМ-ның ПИУ ДПО "Заманауи кәсіптік білім беру институтында" қайта даярлаудан өткен.
Қазіргі уақытта Қаратөбе аудандық ауруханасынан оң серпіліс байқалады.
Жаңа басшы Ербол Меңдіғалиев бірінші жұмысын дәрігерлік қатарды толықтырудан бастапты.
Жөн-ақ!
Бауыржан Ширмединұлы, 

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале