22 мамыр республикалық «Борышкер» жедел профилактикалық шарасы басталды. Аталған шара 25 мамырға дейін жалғасады.
Былтыр және биыл түрлі құқықбұзушылық жасаған азаматтарға салынған айыппұлдарды өз еріктерімен, ал төлеуден жалтарғандарды мәжбүрлеп өндіруді мақсат еткен шара ауданымызда да ұйымдастырылды.
Бүгін Теректі АП ЖПҚб бастығы, полиция майоры Қанат Жақыбаев пен БҚО сот орындаушысы Жаннат Алмағамбетова теректіліктермен жүздесіп, айыппұлдарын өтеу жөнінде ескерту берді.
Сондай-ақ онлайн төлеудің тәртібін түсіндірді.
Аталмыш профилактикалық шара аясында айыппұл төлеуден жалтарып жүрген борышкерлердің автокөліктерін автотұраққа қамау және мемлекеттік белгілерін алу жүзеге асырылуда. Борышкерлер айыппұлдарын толық төлемесе, ҚР аумағынан уақытша шығуларына тыйым салынып, автокөліктерін жүргізу құқығынан айырылмақ. Сонымен қатар сот орындаушылары борышкерлердің бережақтарын айлық ақшаларынан өндіріп алу туралы қаулыны олардың жұмыс орындарына орындау үшін жолдайды.
Тұрғындармен жүздескен полиция қызметкерлері әрқайсысына айыппұлды заңда қарастырылған 50 пайыз жеңілдікпен жеті тәулікте немесе бір ай мерзімінен кешіктермей төлеуі қажеттігін айтты.
Аяулым Бақтығали,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz