24.05.2023, 10:44
Оқылды: 17

Стенд атудан Әлем кубогының кезеңі: Әсем Орынбай алтынды жеңіп алды

"Алматыда стенд атудан Әлем Кубогының кезеңі жалғасуда. Қазақстан командасы бірінші медальмен марапатталды",-  деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимпиада комитеті.

1684898548

Алтын жүлдені Әсем Орынбай жеңіп алды. Ол "скитте" бірінші болып аяқтады.

Күміс медальді Ганемат Сехон (Үндістан) жеңіп алды. Үздік үштікті Даршна Ратхор (Үндістан) қорытындылады.

Айта кетейік, ӘКК-де Қазақстаннан 20 спортшы өнер көрсетуде. Турнирге барлығы 42 ел қатысуда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале