24.05.2023, 17:01
Оқылды: 45

«Amanat» партиясының отырысы өтті

Жаңақала ауданында пайдаланылмай жатқан немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланып жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге мониторинг жұмыстарын жүргізу жөніндегі «Amanat» партиясы жанындағы «Жер аманаты» республикалық комиссиясын құру туралы» 2022 жылғы 29 маусымдағы № 008PQ қаулысы негізінде құрылған жұмыс тобының отырысы өткізілді. 

FB_IMG_1684918824043

Жұмыс тобының құрамына прокуратура, қоғам белсенділері, жергілікті атқарушы орган, мәслихат төрағасы енгізілген.

Отырыста ауылдық округтерді аралап, ауыл тұрғындарымен кездесу, елді мекен шегіне жақын орналасқан жер учаскелерін анықтап, ұсыныс әзірлеу туралы айтылды.

Ауыл тұрғындарының аудан әкімінің есептік кездесудегі көтерген мәселесі каналдардың іргесін қоршау жөніндегі мәселенің заң аясында реттеу жөнінде айтылды.

Алдағы уақытта белгіленген жұмыс регламентіне сәйкес елді мекендерге шығу керектігі  талқыланды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале