24.05.2023, 16:00
Оқылды: 5

БҚО-да төрт айда жол апатынан 31 адам қаза тапқан

БҚО-да төрт айда жол апатынан 31 адам қаза тапқан. Бұл туралы БҚО Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Болат Жаңабаев айтты. Өкінішке орай, жол апаттарының саны азаймай отыр.

1155499C-CD06-42FD-81B9-B2182E29294B

«Жыл басынан бері 98 жол апаты тіркеліп, 31 адам қаза тапты. 118 адам дене жарақатын алды. Жол-көлік оқиғалары көбіне қалада тіркеледі», - дейді Болат Жаңабаев.

Бүгін полиция өкілдері көпшіліктің назарын аудару үшін «Қауіпсіз жол» шарасын өткізді. Жеңіс алаңынан 10 шақты көлік шығып, қаланың басты көшесімен жүріп өтті.

E1ACBDF1-75AD-487A-AC82-6B21B76785A4

Олармен бірге эвакуаторға жол апатынан зардап шеккен көліктер тиелген. Полиция қызметкерлері тізбекті бастап, көше бойындағы тұрғындарға жол-көлік қозғалысы ережелері туралы баяндады.

B952392C-8F95-44F6-9963-4D170A964FB8

5BE1F7DA-1D5C-4A2F-A833-6DAD97274BA3
5EEBCF55-F215-4204-B585-2950872BCD11
Жанат Көшкінбай,

Суреттерді түсірген автор

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале