24.05.2023, 16:41
Оқылды: 15

Қаратөбеде МӘМС жүйесіне 1 632 адам сақтандырылмаған

Бүгін Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиевтің төрағалығымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінде жиын өтті.

 МӘМС (1)

Кездесуде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының БҚО-дағы филиал директоры Нұржамал Жұмағұлова,  аталған мекеменің халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы Қуаныш Сансызбаев, облыстық онкологиялық диспансер директоры, аудандық аурухананың кураторы Зейіл Мағзомов сөз алып, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жұмыс жасау тетіктері, сақтандырылмаған адамдардың санын қысқартуға байланысты тиімді ұсыныстарын айтты.

Отырыста сөз сөйлеген Нұржамал Жұмағұлова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша облыста атқарылған жұмыстарға тоқталды. Былтыр облыстық көпбейінді ауруханада - 61, облыстық кардиология орталығында – 36, көпбейінді қалалық ауруханада – 36 қаратөбелік азамат емделіп шыққан.

Жиын барысында сөз сөйлеген аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы:

– 2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қолданылып келеді. 2023 жылдың 1 мамырындағы мәліметке сүенсек, 12 068 адам сақтандырылған болса, 1 632 адам сақтандырылмаған.

Аудан бойынша сақтандырылмаған азаматтың санын қысқарту үшін түсінік жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда ауылдық жерлердегі шаруа қожалықтарында, шағын және орта бизнесте жұмыс жасайтын азаматтарды сақтыру өзекті мәселеге айналса да, тиісті жұмыстарды атқарудамыз,- деді.

Жиналыс барысында округ әкімдері денсаулық сақтау саласы бойынша бірер ұсыныс-пікірлерін, сұрақтарын ортаға салды. Қойылған сұрақтар бойынша тиісті мамандар жауап беріп, қатысушылардың ұсынысын назарға алды.

 

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале