24.05.2023, 16:46
Оқылды: 17

“Сырым елін” қала әкімінің орынбасары да оқиды

Жандос Дүйсенғалиев 2012 жылдары “Сырым жастары” жастар  бірлестігін басқарды. Оның қоғамдық-саяси қызметке деген ықылас ыңғайы сол уақта қалыптасып бастағанды. 

IMG_3331

Кейін Сырым ауданы әкімдігінде қызмет етіп, Қазталов ауданындағы мәдениет және спорт саласын да жетекшілік етті. Екі жылдай Орал қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне басшы болып жылу, жол, су секілді басты мәселелерін шешумен айналысты. Әр сала - бір мектеп. 

Жандос Асхатұлы бүгінде Орал қаласы әкімінің орынбасары қызметінде.

Қай өңірде, қандай лауазымда жүрсе де Жандос туған жерін, бірге өскен ортасын ұмытқан емес. Ол ауылға деген сағынышты басу үшін - төл басылымын оқу керек деп санайды. Әкім орынбасары “Сырым елі” газетінің редакциясына хабарласып, 2023  жылдың екінші жартыжылдығына жазылып үлгерді. 

Жандостың жанұясы - дәрігерлер династиясы. Әкесі Асхат Ғабделғазизұлы мен анасы Ләззат Аязбекқызы - ауданға танымал дәрігерлер, медицина саласының майталмандары. Інісі Бектас та ақ халатта. 

Жазылым науқанына қолдау білдіріп, Жандос ата-анасымен әріптес болған Сырым аудандық орталық ауруханасының 10 ардагерін “Сырым елі” газетіне жаздырмақ. 

Б. Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале