Bigfightweekend.com сайтының шолушысы Саадек Ахмед орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша чемпион Жәнібек Әлімханұлы биыл екінші чемпиондық белбеуді ұтып алады деп есептейді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Фото: prosports.kz
Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Эскива Фалькао (Бразилия) - Винченцо Гуальтиери (Германия) жекпе-жегінің жеңімпазымен жұдырықтаса алады.
«Фалькао 1 шілдеде орта салмақтағы бос тұрған IBF титулы үшінГуальтиеримен кездеседі. Top Rank бұл жекпе-жектің промоутерлік өтінімінен жеңілгенімен, бұл жекпе-жектің жеңімпазы мен Әлімханұлының жекпе-жек өткізе алады. Фалькао кәсіби мансабының басынан бері Top Rank сапында. Егер ол жеңіске жетсе, Top Rank осы жылдың соңында орта салмақтағы біріктіру жекпе-жегін ұйымдастыра алады. Егер Гуальтиери жеңіске жетсе, олар Agon Sports-пен (Винченцоның промоутерлері) ынтымақтасу мүмкіндігіне ие болады», - делінген мақалада.
Еске салайық, 14 мамырда Жәнібек АҚШ-тың Калифорния штатындағы Стоктон қаласында өткен жекпе-жекте канадалық қарсыласы Стивен Батлерді екінші раундта нокаутқа түсірген болатын.