25.05.2023, 17:45
Оқылды: 33

Шыңғырлаулық оқушы республикалық ән байқауында лауреат атанды

Шыңғырлау аудандық саз мектебі биыл да жаңа жетістіктермен жылды бастады.

InShot_20230525_174209671

Өнерлі, талантты, ынта-жігері ерекше балалардың сүйікті мекеніне айналған шағын ғана оқу орны, талмас жігер мен үлкен еңбектің мекені десек те болады. Бұл балғын бөбектен бастап жоғары сынып оқушыларына дейін музыка әлемінің қыр-сырына қандыратын, жаңа белестерге жетелейтін нағыз шығармашылық орталық.
Осы бір сырнайдың сазы мен домбыраның күйі сылдырлап тұратын аудандық саз мектебі өзінің талантты түлектерін алыстарға қанат самғатқанын айтып келеміз. Биыл да оқушылары жақсы көрсеткіштерімен тәлімгерлерін тәнті етіп отыр.

Нақтырақ айтсақ, Аманғали Сатпановтың оқушылары сайыстарда тағы да жүлде алып, аудан мерейін өсірді. Былтыр ғана республикада топ жарған Сұлужан Задыгер жақында ғана «Атадан мұра» қоғамдық қоры ұйымдастырған бүлдіршіндер, мектеп оқушылары және жасөспірімдер арасындағы «Ақжелең» республикалық байқауында өнер көрсетті.

V-ші республикалық байқаудың «Дәстүрлі ән» аталымымен І дәрежелі лауреат атанды.

Сонымен қатар саз мектебінің екінші өнерпазы Мерей Рахымжанова орта топ бойынша ІІ орынды иемденді.

 

Айсұлу Амангелдіқызы,
Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале