Кеше сағат 8:10 шамасында Орал қаласындағы Абдиров және Январцева көшелерінің қиылысында «Priora» маркалы автокөлігін тізгіндеген 1983 жылғы жүргізуші және 2003 жылғы жүргізуші айдаған «Renault Logan» маркалы автокөліктері соқтығысқан. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Renault Logan» көлігін тізгіндеген жүргізушісі жол бермей, салдарынан көліктер түйісіп, «Priora» көлігі жақын маңда орналасқан үйге соғылған.
Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде «Priora» көлігінің жүргізушісі және «Renault Logan» көлігінде болған сегіз жастағы бала ауруханаға жеткізілген.
ҚР ӘҚБТК 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
zhaikpress.kz