26.05.2023, 17:45
Оқылды: 63

ҚР АШМ комитетінің басшысы халықаралық ұйымның төрағасы болып сайланды

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің басшысы Мұрат Теміржанов БҰҰ ФАО субөңірлік Еуразиялық топырақ серіктестігінің (EASP) төрағасы болып сайланды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

0b2086d19dbe8ebc3f1f4142e7bbcc2f_1280x720

Бұл күндері Ташкентте ұйымның 6-шы пленарлық отырысы өтіп, қатысушылар оның кандидатурасын қолдап, бірауыздан дауыс берді.

Айта кетейік, EАSP Еуразиялық кеңістіктің 12 елдің өкілін біріктіреді. Олар Қазақстан, Түркия, Ресей, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Молдова, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстан.

Ұйымның негізгі міндеті жер ресурстары, оның ішінде топырақты ұтымды пайдалану және олардың деградациясына қарсы күрес саласындағы өңірдің ерекше мәселелерін шешу.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале