26.05.2023, 16:45
Оқылды: 28

Тұрғындар Q-net пирамидасына 220 млн теңгеден астам қаражат салған

Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, Талдықорған қаласында «Q-net» қаржы пирамидасын құрды және оны басқарды деген күдікке ілінген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті жүргізіп жатыр.

акша жп 2

2018-2020 жылдары қаржы пирамидасының қызметіне 231 салымшы тартылып, жалпы сомасы 220 млн теңгеден астам жеке қаражатын салғаны анықталды.

Сот күдіктіге қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ҚР КПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале