Жетікөл ауылдық округінде мектепішілік “Жас дарын - 2023” озаттар шеруі өтті.
Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев қатысып, үздіктерді құттықтап, аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.
Одан бөлек, мектеп директоры Бисенғали Құлбатыр және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанар Сағынғалиева аудандық білім беру бөлімі басшысының алғыс хатымен және Сырым мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің білім, спорт, өнер бағытындағы үздіктеріне алғыс хаттар табыс етті.
Білім бәйгелерінде аудандық, облыстық деңгейде жүлделі орындардан көрініп жүрген оқушыларға ардагер ұстаз Есболсын Қайдаров пен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Зина Ерғалиеваның қолынан марапат алу мәртебесі бұйырды.
Аталған шараның бір ерекшелігі, “Жыл үздігі” аталымы бірнеше бағыт бойынша берілді.
Атап айтсақ, білім бағыты бойынша Гүлмаржан Есболсын, Мерлан Өсербай, спорт бағытында Дарын Құрсары, өнер бағыты бойынша Ихсан Дүйсенбі “Жыл үздігі” номинациясына лайық деп танылып, димплом мен лента табысталды.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz