26.05.2023, 15:46
Оқылды: 23

БҚО-да биыл 570 шақырым жол жөндеуден өтеді

Қазіргі таңда облыс бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6 176 шақырымды құрайды. Оның 4762 шақырымы жергілікті маңызы бар жолдар болса, 1414 шақырым жол республикалық маңызға ие. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев хабарлады.

17ee565d-4d50-4b82-b96f-06da68c9ec68

- Биыл Үкіметтің қолдауының арқасында 74 млрд теңгеге 570 шақырым жолды жөндеу жоспарланған. Әсіресе республикалық маңызы бар автомобиль жолдары басты назарда. Нақты айтар болсақ, ұзындығы 245 шақырымды құрайтын «Казталов – Жәнібек – РФ шекарасы» және «Өнеге – Бисен – Сайқын» автожолдарының күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған. Қазіргі таңда 245 шақырым жолдың 125 шақырымы күрделі жөндеуден өтті, - деді өңір басшысы.

Сондай-ақ, 144 шақырымды құрайтын «Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы» автожолының 2 учаскесінде де жұмыстар жүргізіліп жатыр, қалған 2 учаскеде жыл соңына дейін мердігерлер анықталып, содан кейін жұмыс басталады.

- Бұдан бөлек ағымдағы жылы 27 млрд теңгеге 332 шақырым облыстық және аудандық жолдарды жөндеу жоспарланған. Нәтижесінде жыл қорытындысы бойынша жергілікті автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 52%-ға жеткізу мүмкіндігі бар, - деп атап өтті Нариман Төреғалиұлы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале