Сырым ауданы бойынша 586 дарынды оқушы бар. Оның ішінде 247-сі білім, 85-і өнер, 157-сі спорт бағытында жетістікке жетіп жүр. Ал 97 оқушы қосымша білім беру бағыты бойынша үздіктер сапында.
Кеше аудан орталығы Жымпитыдағы Қ.Мырзалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде “Жас дарын - 2023” үздіктер шеруі өтті.
Салтанатты жиынға аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, ардагер ұстаз Гүлбақша Ерғалиева, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Әділ Ахмет, мектеп директоры Меруерт Жұмағали қатысып, дарынды шәкірттерді құттықтады.
Атап айтсақ, аудан әкімінің алғыс хатымен облыстық, республикалық байқаулардың жүлдегерлері, пән олимпиадаларының жеңімпаздары марапатталды.
Түрлі өнер байқауларының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Әділ Ахмет, ауданның жас спортшыларына, болашақ чемпиондарына Гүлбақша Ерғалиева алғыс хаттар табыс етті.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы