27.05.2023, 19:09
Оқылды: 137

Саз мектебінің есептік кеші өтті

Теректі аудандық балалар саз мектебі жылдық есептік концертін өткізді. Бұл оқу ошағы көптеген жас өренді өнерге баулып отырған іргелі ұжым. Мектептің оқушылары халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі бірнеше конкурста лауреат атанған. Шараға сала мамандары мен ұстаздары және ата-аналар қатысты.

саз

Сахна шымылдығы халық күйі «Тепең көкпен» күйімен ашылып, көрерменді тебірентті. Жалпы,  шәкірт тәрбиелеу, оның жетістікке жетуі, биіктерден көрінуі ұстазға байланысты екенін айта кеткен жөн. Осы орайда бірнеше жандардың еңбегі еленді. Теректі ауданының мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев жылы лебізін білдірді.

саз1

Сонымен қатар аудан әкімінің атынан Теректі балалар музыка мектебінің фортепиано,  флейта,  дәстүрлі ән,  домбыра сынды сыныптың оқытушылары мен қызметкеріне алғыс хат табыстады. Одан әрі  Теректі  аудандық білім беру  бөлімінің басшысы Максим Энгелов аталмыш өнер ордасының 10 ұстазын салтанатты түрде марапаттады. Сондай-ақ Теректі аудандық кәсіподақ төрайымы Ұлдай Сәрсенова, Теректі балалар музыка мектебінің директоры Азамат Қалиевтер сала мамандарына алғыс хат берді.

Теректіліктердің рухани қазынасын, өнерін дамытып, музыканы сырлы сазына елітіп, мәртебесін асқақтатып жүрген жас өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салып, көрермен ықыласына бөленді.

 

Айшабибі Мәмет,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале