Бүгін Көпжасар ауылдық округінде мектеп бітіруші түлектердің демеушілігімен тағы бір нысан халықтың игілігіне пайдалануға берілді. Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 2013 жылғы мектеп бітіруші түлектері Болашаққа бағдар “Рухани жаңғыру” бағдарламасы “Туған жер” арнайы жобасы аясында туған жердің көркеюіне өз үлестерін қосып, Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта білім беретін мектебіне “Жүргізу тақтасын” орнатып берді.
2018 жылдан бастап Көпжасар ауылдық округінде мектеп бітіруші түлектер ауылға қомақты сый жасауды үрдіске айналдырып, демеушілер есебінен бірнеше нысан бой көтеріп, пайдалануға берілген болатын. Бұл шара биыл да өз жалғасын тауып мектеп бітіргендеріне 10 жыл толған түлектер ауылымызға «Жүргізу тақтасын» тарту етіп, елдің алғысына бөленді. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, түлектердің бұл тартуы ауылымыздың көркеюіне қосқан үлесі деп есептейміз.
Шарада Жаңақала ауданының әкімі Көшкінбаев Алпамыс Жаңабайұлы құттықтау сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарына қуаныш сыйлаған түлектерге алғыс білдіре отырып, алғысхат табыстады.
Шараның қонағы болып Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары Е.Қажиев, аудандық жер қатыныстар бөлімінің басшысы Е.Бекболатов, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ж.Мұратов және ауыл тұрғындар қатынасты.
2013 жылғы бітірген түлектерді ауылдық округ әкімі Нұрбол Серікұлы ауыл тұрғындары атынан ризашылығын білдіріп, алғысхатпен марапаттады.
Жаңарған өңір