Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевтағы «Радуга» славян мәдени орталығының өкілдері аудан әкімі Әділ Жоламановтың қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының Облыстық үйінде болды. Орал өңіріндегі бейбітшілік пен келісімнің, жас ұрпақты қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің зор бір айғағы болып табылатын бұл тамаша мекемедегі сан қырлы жұмыстармен танысқан ақжайықтықтар ерекше әсерге бөленді. Олар облыстағы этномәдени орталықтардың бөлмелерімен, концерт және тағы басқа залдармен қызыға танысты, экспозицияларды аралады.
Радугалықтар Достық үйінің ұжымына концерт қойып, Оралдың басқа да көрнекі орындарымен танысты.
Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы