Бөрлі аудандық мәдениет үйінде Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Өнерге қанат қаққандар» мерекелік шарасы өтті.
Шараға Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов, аудандық демалу орталығының директоры Аңсар Дюсенов, сала ардагерлері мен мәдениет қызметкерлері қатысты. Алтай Серғазыұлы ауданымыздың мәдениет саласының даму қарқынына оң баға беріп, оған сала қызметкерлерінің қосып жүрген үлесі зор екенін жеткізді.
Мерекеге орай Бөрлі аудандық демалу орталығының костюмері Аңсар Тастемирова Роза Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» медалімен марапатталды.
Мәдениет пен өнердің өркендеуіне айрықша атсалысқан бірқатар мәдениет қызметкері және облыстық «Абысын-ажын» байқауының Бас жүлдегерлері Доспулаевтар әулетінің келіндері Жанар мен Әсима Нуралиевалар аудан әкімі Е.Ихсановтың алғыс хатымен, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының «Құрмет» грамотасымен марапатталды.
Бинұр Хабидашева,
Бөрлі ауданы