Батыс Қазақстан облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының, Бөрлі ауданы әкімдігінің қолдауымен, Бөрлі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Бөрлі аудандық демалу орталығының ұйымдастыруымен Кеңтүбек ауылдық округінің Пролетарка ауылында «Мәдениет-туриада-vibe» атты мәдениет қызметкерлері арасында облыстық туриадасы өтті.
Батыс Қазақстан облысы мәдениет қызметкерлері арасындағы іскерлік байланысын арттыру мақсатында өткен туриадаға Ақжайық, Казталов, Теректі, Шыңғырлау, Сырым, Бөрлі аудандарынан 130-ға жуық мәдениет қызметкері қатысты.
Командалар волейбол, арқан тарту, асық ату, бес асық, спорттық бағдарлау, көркем өнерпаздар конкурсы, қазақ күресі, су туризмі, жамбы ату, үлкен туристік эстафета бойынша жарысты.
Нәтижесінде, жалпы есепте бас жүлдені - Ақжайық аудандық демалыс орталығының командасы жеңіп алды. І орынға Бөрлі аудандық демалу орталығы, ІІ орынға Сырым аудандық демалыс орталығы ие болса, ІІІ орынға Шыңғырлау аудандық демалыс орталығы тұрақтады.
Аталмыш туриада 2021 жылы Орал қалалық мәдени-ағарту бірлестігінің бастамасымен тұңғыш рет өткізілді.
Кейін, Ақжайық ауданында жалғасып, ауыспалы кубок үшін ұйымдастырылып, Сырым ауданының командасы жеңіп алды.
Сырым ауданында өткен облыстық туриадада Бөрлі ауданының командасы жеңімпаз атанып, жарысты ұйымдастыру мәртебесіне ие болды.
Бинұр Хабидашева,
Бөрлі ауданы