ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаев 2020 жылы қыркүйек айындағы Жолдауында Әлеуметтік кодекс әзірлеуді тапсырған болатын.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік кодекс жобасы әзір екенін хабарлап, Ведомство басшысы Тамара Дүйсенова желтоқсан айында өткен Үкімет отырысында құжаттың тұжырымдамасын баяндады.
Осыған байланысты ақпарат тобы Жаңақала ауданына келіп, аталған кодекс түсіндірді.
Ақпарат тобының құрамында Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының әлеуметтік сұрақтар бойынша орынбасары Жеңіс Беріков, БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ділдәш Искакова және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының БҚО-дағы филиалының бас маманы Назгүл Қуанғалиева келді.
Сонымен қатар шараға ауданымыздың ардагерлері, көп балалы аналар, әлеуметтік сала және ауылдық округ мамандары қатынасып отыр.
Нұргүл Дүйсенбаева,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz