31.05.2023, 16:30
Оқылды: 31

"Ғасырлық ызғар"

Бүгін Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен «Шырағдан» саябағында 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Ғасырлық ызғар» атты еске алу кеші өтті.

IMG-20230531-WA0094

Саяси құрбандардың ұрпақтары, мекеме қызметкерлері, зейнеткер оқырмандар қатысқан жиында алдымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздік пен еске алып, ауданымыздың бас имамы Жомарт Лұқпанов құрбан болған бабалар рухына арнап құран бағыштады. Одан соң гүлшоғын қою рәсімін жасап, аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев сөз алып, зұлмат жылдарда қаза тапқан саяси құрбандар мәңгі есімізде сақталатынын жеткізді. Жапа шеккен жерлесіміздің ұрпағы Фарида Аманғалиева да бұндай оқиғалар енді қайталанбай, бейбіт күнде өмір сүруді тіледі.

Сондай-ақ «ұлтым» деймін деп «ұлы қылмыс» жасап, «халқым» деймін деп «халық жауы» деген жала жабылып нақақ атылып кеткен азаматтар рухына арнап «Ақтастағы Ахико» атты көрініс қойылып, «Төртарыс», «Алжир» көркем сөздері оқылып, «ОтанАна», «Елім-ай» әндері де шырқалды.

Нұргүл Дүйсенбаева, 

Жаңақала ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале