16.09.2026, 17:00
Оқылды: 11

Бірлік пен белсенділік тоғысқан күн

Шыңғырлау аудандық орталық саябақта «Қазақтелеком» АҚ аудандық бөлімшесінің ұжымы Мемлекет басшысының «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған тимбилдинг ұйымдастырды. Шараның мақсаты  қызметкерлердің дене белсенділігін арттырумен қатар, ұжымдық ауызбіршілікті нығайту, әріптестер арасындағы достық қарым-қатынасты қалыптастыру.Ұжымдағы сенімділікті арттыру, байланысты нығайту және қызметкерлердің көңіл-күйін көтеруүшін тимбилдинг ойындары өте пайдалы.

image-16-09-26-03-06

Тимбилдинг барысында ұжым мүшелері екі командаға бөлініп, түрлі спорттық ойындарға қатысты. Әр сайыс қызметкерлердің шапшаңдығы мен ептілігін, күш-жігері мен ұйымшылдығын сынады. Командалық жарыстарда қатысушылар ортақ мақсатқа жұмылып, бір-біріне қолдау көрсетті. Әріптестерінің жігерін жанып, жеңіске жетуге ұмтылған сәттері шараның тартымдылығын арттыра түсті.

image-16-09-26-03-06 (1)

Спорттық ойындар барысында қызметкерлер күнделікті жұмыс қарбаласынан бір сәт сергіп, бой жазып, көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. Мұндай басқосулар ұжым мүшелерінің өзара түсіністігін арттырып, қызметтен тыс уақытта да бірлігін бекемдей түсетіні анық.

Мекеме басшысы Әділбек Нұрғазиев шараның маңыздылығына тоқталып, қызмет пен спортты қатар алып жүрудің мәні зор екенін атап өтті.

– Шара барысында әріптестеріміз тек логикалық және спорттық ойындарда бақ сынасып қана қоймай, шынайы командалық рухты сезінді. Әрбір сайыс біздің бір-бірімізді сөзсіз түсінуге, бір мақсатқа жұмыла білуге және қиындықтарды бірге еңсеруге қауқарлы екенімізді дәлелдеді.Осындай шаралар арқылы еңбек ұжымындағы жақсы қарым-қатынасты қалыптастырып, сергек өмір салтын насихаттауды жалғастыра береміз.Бүгінгі тимбилдинг – соның бір көрінісі,– деді Әділбек Нұрғазиев.

Шара соңында спорттық ойындардың қорытындысы шығарылып, командалардың нәтижелері сараланды. Белсенділік танытып, ұйымшылдық пен спорттық шеберліктерін көрсеткен қатысушыларға сыйлықтар табысталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, әріптестеріне алғыс білдірілді.

image-16-09-26-03-06 (2)

Бұл күн «Қазақтелеком» ұжымы үшін спорттық сайыспен ғана шектелмей, өзара сыйластық пен ынтымақты арттырған мазмұнды басқосу болды. Себебі бір мақсатқа жұмылған, денсаулығына көңіл бөлген және әріптесін қолдай білетін ұжымның еңбекке деген ынтасы да арта түседі.Тимбилдинг арқылы: Командалық сенім мен өзара қолдау артты.

Жаңа идеяларға шабыт алды.

Күні бойы көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас естеліктер сыйлады.

Қазақтелеком ұжымы жұмыста ғана емес, демалыста да мықты команда екенін көрсетті.

Салауатты өмір салты әр адамның өз денсаулығына деген жауапкершілігінен басталады.

Қызмет пен спортты қатар серік еткен «Қазақтелеком» ұжымы алдағы уақытта да салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған шараларға белсенді қатысып, ұйымшылдық пен жауапкершілікті басты құндылықтардың бірі ретінде жалғастыра бермек.

С.Өсәлім

Шыңғырлау ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале