17.09.2026, 11:00
Оқылды: 8

Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері Бөрлі және Теректі аудандарының жастарымен кездесті

Батыс Қазақстан облысында Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы (АТТ) Бөрлі және Теректі аудандарының жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларына «Міндет! Абырой! Ерлік!» атты ерлік сабақтарын өткізді.

3cac4b1a5d0e6d66b5a0b2036f1de879bf67716cf462890554c32964fa5c01a8_1280x720

Атап айтқанда, Ақсай қаласындағы №3, №4 және №6 мектептерде, сондай-ақ Теректі ауылындағы №1 және №2 мектептерде әскери ведомство өкілдері жастармен кездесті.

Кездесу барысында оқушыларға әскери оқу орындарына түсу тәртібі, талапкерлерге қойылатын талаптар, Қарулы күштер қатарындағы қызметтің перспективалары, сондай-ақ әскери қызметшілердің құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат берілді.

Мектеп оқушылары мерзімді әскери қызметке шақыру тәртібі, әскери қызмет өткеру ерекшеліктері және әскери борышын өтеген азаматтарға берілетін білім беру жеңілдіктері туралы да білді. Олар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Қорғаныс министрлігінің бейінді департаменттері өкілдерінен толық жауап алды.

– Көптеген оқушы әскери мамандыққа қызығушылық танытып, дене дайындығы нормативтерін тапсыруға мақсатты түрде дайындалып жүр. Саптық дайындықты жетілдіріп, алдағы оқуына қажетті дағдыларды меңгеруде. Сондықтан олар үшін әскери қызметті өз тәжірибесімен білетін мамандарға тікелей сұрақ қою маңызды болды, – деді Ақсай қаласындағы №7 жалпы білім беретін мектептің бастапқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы Бақытжан Үмбетов.

39c994f6d8bb2c49287829596518edecd683cc268e6c151943db554ec0abc036_1280x720

Оның шәкірттерінің арасында сабақтар мен практикалық жаттығуларда ерекше белсенділік танытып жүрген 10-сынып оқушысы Мирас Болатов та бар.

– Бастапқы әскери және технологиялық дайындық сабақтарында қаруды бөлшектеу және жинауды, саптық дайындықты, сондай-ақ Әскери ант қабылдау тәртібін үйренеміз. Әскери қызметшілермен кездесу армия туралы түсінігімізді кеңейтті. Бізге Қорғаныс министрлігінің колледждері мен жоғары оқу орындары, сондай-ақ әскери мамандықтар туралы толық ақпарат берілді, – деді оқушы.

Әскерге дейінгі жастармен кездесулер барысында отансүйгіштік, елге қызмет етуге дайын болу, ел болашағына деген жауапкершілік және оны жақсартуға ұмтылу тақырыптарына да ерекше мән берілді.

Патриоттық тәрбие тақырыбы «Жас сарбаз» республикалық балалар-жасөспірімдер қозғалысы өкілдерінің әңгімесімен жалғасты. Олар оқушыларға қозғалыстың қызметі мен жастар арасындағы «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жиынының дәстүрлері туралы айтып берді.

Ақпараттық-түсіндіру тобының өңірдегі мазмұнды бағдарламасы Бөрлі ауданындағы және Подстепное ауылындағы мәдениет үйлерінде Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблінің концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.

Әртістер мектеп оқушылары мен ауыл тұрғындарына Отан, әскери борыш және патриотизм тақырыбындағы музыкалық және вокалдық шығармаларды орындады.

e9a69090ca632f0482c06fe3fc99bf8c0bb6ac63654c807867dc37062508ad22_1280x720

Іс-шаралар жастармен жұмыстың түрлі бағыттарын қамтыды. Атап айтқанда, әскери қызмет пен әскери білім туралы практикалық ақпарат беріліп, өнер арқылы патриоттық құндылықтарды дәріптеуге басымдық берілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале