31.05.2023, 17:58
Оқылды: 21

Тағылымды шара өтті

Бүгін аудан орталығындағы «Қаратөбе сиезі» өткен тарихи орында 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған тағылымды шара ұйымдастырылды.

 Қуғын-сүргін (1)

Тар жол, тайғақ кешуде өз өмірлерін құрбандыққа шалған Алаш қайраткерлерінің есімдері ұмытылмақ емес. Кейінгі ұрпаққа Алаш арыстарының қиындыққа толы өмірлері мен жанкештілігін насихаттау қасиетті борышымыз.

Қуғын-сүргін (2)

Тағылымды шарада Алаш қайреткерлерінің рухына Құран бағышталып, дұға жасалды. Тарихи маңызы зор шараға аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы, қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, шараға арнайы келген қонақтар және дербес бөлімдер мен мекеме басшылары, ауыл тұрғындары қатысты.

Қуғын-сүргін (5)

Қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған шараға қатысушылар Алаш және Қ.Хасановтың тарихи-өлкетану музейін аралап ұлт азаттығы жолында күрескен Алаш қайраткерлері туралы мол мағлұмат алды.

Мәдени шара Ғ.Құрманғалиев атындағы аудандық мәдени-демалыс орталығында «Тағдыры тартысқа толы тау тұлға» атты КСРО оқу-ағарту ісінің озық қызметкері, ҚазССР оқу-ағарту ісінің үздігі, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Тұрсынғали Қатауовты еске алу кешіне жалғасты.

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале