1.06.2023, 14:30
Оқылды: 35

Шөптікөлдік оқушылар алтын ұя мектебімен қоштасты

1 маусым күні Шөптікөл мектеп бөбекжай балабақша кешенінде соңғы қоңырау салтанатты шарасы өтті.

Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасынан имене аттаған ұл-қыздарымыз  ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасты.

Шөптікөл соңғы қоғырау (5)

Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Қайрат Нұржанұлы, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Эльвира Ерсайынқызы қатысты.

Шөптікөл мектебінде 169 оқушы оқу жылында білім алып шықса, соның 29-ы оқу озаты. Ал 60-сы оқу екпіндісі.

Білім ордасы қабырғасында олар білім нәрімен сусындап қана қоймай, республикалық, халықаралық түрлі байқаулар мен сайыстардың жеңімпаздары атана білді.

Шөптікөл соңғы қоғырау (4)

Соңғы қоңырау салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Қайрат Нұржанұлы оқушыларды, ұстаздарды, ата-аналарды мерекемен құттықтап, ҰБТ-да биіктерден көрінулеріне тілегін жеткізді.

Шөптікөл соңғы қоғырау (7)

Сондай-ақ мектеп директоры Айболат Түгелтаев, ата-аналар, оқушылар да өздерінің ақжарма тілектерін жеткізді.

Шөптікөл соңғы қоғырау (6)

Салтанатты сәттен соң әсем әуенмен тербелген оқушылар, күміс қоңырау сыңғырына куә болды.

 

Райымбек Абай,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале