Сакко мектебінің 1973 жылғы түлектерінің биыл мектеп бітіргендеріне 50 жыл толуына орай мектептің орнына саябақ салып, «Аманат» мүсінінің ашылу салтанаты өтті.
Жиынға аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, мәдениет тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Данял Танзенов және ауыл тұрғындары қатысты.
Аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлы құттықтау сөз сөйлеп мектеп бітіруші түлектерге осы алаңды әрі қарай көркейтуге үлес қосатынын айта кетті. Түлектер атынан Өмірзақ Ақбасов сөз алып, барша сыныптасына құттықтау тілек айтып, алғысын білдіріп мүсіннің лентасын қиды. Аудан әкіміне, ауыл әкіміне, 1973 жылы Сакко мектебінің түлегі Меңдібай Кенжеғалиев ағамыздың ұлы әке жолын жалғаған қолөнер шебері, суретші Азамат Кенжеғалиев әкесі өмірден өтсе де туған жеріне деген құрметпен осы мүсінді өз қолымен салып тарту еткені үшін, демеушілік көрсеткен Саламат Сертековке алғыс хат табыстап барша қол ұшын созған азаматтарға рақметін айтты.
Адамзатқа жер ананы аялы алақанында аялап, махаббатпен сүйіп аманат етіп қойылған мүсін. Осы аллеяны ары қарай көркейтуге келесі жылғы 50 жылдық түлектерге эстафетаны жалғасын деген ниетпен кілтті табыстады.
Аруғаным Берікқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz