Бүгін шамамен сағат 16:40-та Жанақала-Орал бағытындағы тас жолда «Golden Dragon» маркалы автобусы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпей «УАЗ» маркалы автокөлігіне соқтығысып, жол жиегіне шығып кеткен, деп хабарлайды БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«УАЗ» маркалы автокөлігінің рөлінде Өзбекстан мемлекетінің азаматы болған.
Жол апаты салдарынан 1964 жылғы «УАЗ» маркалы автокөлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
zhaikpress.kz