2.06.2023, 15:15
Оқылды: 48

Мәжіліс депутаты отандық өнімдерден ғана үй салатын ипотекалық бағдарлама ашуды ұсынды

Мәжіліс депутаты Мәди Тәкиев "Amanat" партиясы фракциясының халықтың табысын арттыру бағдарламасы талқыланған жиынында жаңа ипотекалық бағдарлама ашуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

renovaciya-oral-1

«Үкіметке түрлі салалар бойынша халық табысының артуына тікелей әсер ете алатын өзге де қосымша кешенді мәселелерді қарастыруды ұсынамыз. Бірінші ең ірі сала – экономиканы дамытудың драйвері саналатын тұрғын үй құрылысы. Бұл жерде бізге құрылыс компанияларынан тек қазақстандық материалды ғана пайдалануды талап ететін жаңа ипотекалық бағдарлама керек. Оның экономикаға тигізетін әсерін өздеріңіз жақсы білесіздер», - деді ол.

Депутат ауыл шарушаылығын Канаданың тәсілімен дамытуға болатынын айтады.

«Екіншісі – агроөнеркәсіп кешенін дамыту. Өзге елдердің табысты тәжірибесін зерделеу керек. Мысалы, Канада тәжірибесі бар. Ол елде мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорын тапсырыс беруші ретінде де, сатып алушы ретінде де қатысады. Мұндай жүйеде мемлекеттік сатып алу бекітілген баға бойынша жүргізіледі. Ауылшаруашылық өнім сатылғаннан кейін табыстың 80 пайызына дейін өндірушілерге қайтарылады», - деді Мәди Тәкиев.

Сондай-ақ, ол транзиттік тасымалды дамыту арқылы мыңдаған жұмыс орындарын құруға болатынын еске салды.

«Үшіншісі – көлік әлеуетін дамыту. Бүгінде біздің елдің транзит әлеуеті жоғары екенін түсініп отырмыз. Қазақстан халықаралық автомобиль тасымалдаушылар одағы жалпы паркі 7 мың жүк көлігіне жеткен 350-дей компания бар екенін айтып отыр. Біз бұл салада үлкен логистикалық хабқа айнала алар едік. Соның арқасында мыңдаған жұмыс орны ашылады», - деді Мәжіліс депутаты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале