2.06.2023, 15:30
Оқылды: 28

Комиссияда өтініштер сараланды

Бүгін 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберіндегі қайтарымсыз грант алуға өтініш білдірген үміткерлердің екінші легіне комиссия отырысы өтті.

IMG_2869

Комиссия төрағасы БҚО кәсіпкерлер палатасының Жаңақала аудандық филиалының директоры Гариб Асханбаев, төраға орынбасары жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Дәурен Жарасов және мүшелері аудандық мәслихат депутаты Қамбар Каменов, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы Иса Мұратов болды.

Аудан бойынша жаңа бизнес жоспарды жүзеге асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға өтінім  бергендер саны - 38.

Аталған жобада көрсетілген санатқа сай жандар өздерінің жоспарларымен таныстырып, қойылған сұрақтар бойынша жауап берді.

IMG_2860

Қайтарымсыз грантқа жылыжай үлкейту, ет дүкенін, ойын-сауық орталығын, шиномантаж, жаттығу алаңын ашу және құс өсіру, мал алып,  өнімін сату, құрылыс жұмыстарымен айналысу, тазалық орталығын ашуға ниет білдіргендер қатысты.

Комиссия құрамы өтініштер қаралып, нәтижесі екі жұмыс күнінің ішінде белгілі болатынын жеткізді.

Нұргүл Елтайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале