Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран – әр қазақ мақтан тұтатын халқымыздың береке-бірлігін арттыра түсетін бойтұмарымыз. Рәміздерді қастерлеу – біздің ортақ парызымыз.
Мемлекеттік рәміздер – кез келген мемлекеттің егемендігі мен тұтастығының бейнесі. Төртінші маусым рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышымыз» атты мәдениет тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімі мен аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен форум өтті.
Форумға аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева айтулы күнге орай құттықтау сөзін арнады. Әрі қарай аудандық сот әкімшісінің басшысы Айгүл Искакова, «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Талғат Жанболатұлы, қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің жасақтау бөлімшесі бастығы, аға сержант Жоламан Абдрахманов мемлекеттік рәміздер туралы баяндама оқыды.
Қатысушылар арасынан Айтуған Шарафутдинов, Қолқанат Серіков өз пікірлерін білдірді.
Кеште «Рәміздер еліміздің бойтұмары» атты кітап көрмесі таныстырылды.
Аруғаным Қазиева,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz