Теректі ауданының Ақсуат ауылдық округіне қарасты Магистральный ауылы шағын болғанымен, күннен-күнге көркейіп келеді.
Қазіргі уақытта мектеп пен ауыз су құрылысы жүріп, жолы жөнделуде. Аталмыш округтің әкімі Жаннұр Ахметовтің айтуынша, ауылда орналасқан «Ural Petroleum» ЖШС-ның демеушілік қаражат есебінен болашақта заманауи балалар ойын алаңы салынбақ. Енді, бүгін дүкен мен дәріхана ашылды.
Оның иесі жеке кәсіпкер Татьяна Давыдова екенін айта кеткен жөн. Ашылу салтанатында сөз алған округ әкімі кәсіпкердің жұмысына сәттілік тіледі. Ал шағын маркет иесі өз сөзінде бұл кәсіпті ашуға қолдау танытқан Жаннұр Бекбаулына зор алғысын білдірді. Сонымен қатар Т. Давыдова өз қаражаты есебінен келешекте медициналық пункт салу жоспарда бар екенін тілге тиек етті.
Қуанышты жаңалықты естіген жалпақ жұртш ақ тілегін жаудырды.
Айшабибі Мәмет,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz