Бүгін Жаңақала ауданында Мемлекеттік рәміздер күніне орай "Менің Қазақстаным" атты салтанатты шара өтті.
Шараға мемлекеттік мекеме басшылары, қызметкерлері қатысты. Мемлекетіміздің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін Рәміздер күнінде аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева көк туымызды көкке көтерді.
Жиында Үлгілі "Гүлдәурен" би ансамблі флешмоб билеп, Қуанышбек Айдарбеков "Көк тудың желбірегені" әнін тарту етті.
Егемен еліміздің еркіндігін айқындайтын рәміздерімізді құрметтеу - әрбір қазақстандықтың парызы.
Нұргүл Елтайқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress kz