6.06.2023, 12:59
Оқылды: 57

Бас прокуратура: Күштік органдардың 39 қызметкері қылмыстық жауаптылыққа тартылды

Полиция ғимараттары мен ҚАЖК мекемелерінде 900 бейнебақылау камерасы істемей тұрған, күштік органдардың 39 қызметкері қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Бұл жөнінде Zakon.kz сайтына 6 маусым күні Бас прокуратура хабарлады.
bb7c0424a8e74450855f31f8ba5f782c

Бас прокуратура таратқан мәліметке сүйенсек, полиция ғимараттары мен ҚАЖК мекемелерінде тексеру кезінде бейнекамералармен қамтылмаған 5812 учаске мен үй-жайлар мен 900 жұмыс істемей тұрған камера анықталды.

Прокуратураның ұсынысы бойынша "көрінбейтін аймақтарды" болдырмау үшін 3783 қосымша бейнекамера орнатылды. Ғимараттарды толық жарақтандыру осы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.

"Аумақтық полиция департаменттерінің, ҚАЖК және ІІМ орталық аппаратының 19 басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды".

Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаевтың айтуынша, қазіргі уақытта 88 азаматқа қатысты тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолданғаны үшін күштік органдарының 39 қызметкері қылмыстық жауаптылыққа тартылып жатыр.

Бас прокуратура өкілі азаптауға қарсы кешенді шаралар жалғасын табатынын мәлім етті.

zakon.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале