7.06.2023, 21:47
Оқылды: 42

Тың деректерге бастар жол

Дәл бүгін Тасқала төрінде "Таңғажайып Тасқала" экспедициясы бастау алды. Тарихи зерттеулерге қарағанда Тасқала ауданының іргесіндегі Бірлік елді мекенінен сонау бір ескі замандарда жылқының алғашқы рет қолға үйретілгендігі анықталған екен. Тасқала жерінде Ешкітау, Үлкен үңгір, Кіші үңгір, Еменжар секілді құпиясын қойнына қысып, әлі күнге толықтай ақтарылмай жатқан жерлер қаншама? Аудан әкімдігінің кіші залына жиналған зиялы қауым өкілдері мен сала мамандары экспедиция жұмысының жүргізу барысымен кеңесті.

WhatsApp Image 2023-06-07 at 18.44.18

Аудан әкімі аппаратының басшысы Ержан Тұрмағамбетов жиынды ашып, экспедиция жұмысына сәттілік тіледі. Ауданға келген өлкетанушы Айболат Құрымбаев Тасқала жерінде тұншығып жатқан тарихи деректердің бар екендігін алға тартты. Солардың бәрін жарыққа шығарып, тарихи жәдігерлерге бай екендігімізді дәлелдеу керекпіз дегенді айтты. Жиын барысында PHD докторы, кәсіби-археолог Мұрат Қалменовте өзінің ойымен бөлісті. Аталмыш экспедиция 26-27 маусым күндері аудан аумағында жүргізіледі деп күтілуде. Жиын соңында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Думан Ғазез басқосуға келген зиялы қауым алдында жиынның мақсатына тоқталып, алдағы күндерде аяқсыз қалдырмай бастаған істі соңына дейін жеткізуге шақырды. Экспедиция мүшелерінің әр қайсысының өз алдына міндет бар екендігін және сол міндетті абыроймен атқару керектігін түсінсе алға қойған мақсатымызға жетеміз деп түйіндеді.

WhatsApp Image 2023-06-07 at 18.44.16 (1)

WhatsApp Image 2023-06-07 at 18.44.16

Темірболат Ануарұлы,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале