8.06.2023, 12:15
Оқылды: 81

Сырым ауданы: ауруханаға жаңа басшы тағайындалды

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Токсанов Сырым аудандық ауруханасы директоры лауазымына  Сабыр Ғабдыхалықұлы Меңдешевті тағайындады.

ae20c771-f341-4651-89b9-2add7d47f18c

С.Меңдешев М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясының  2007 жылғы түлегі.
Мамандығы - дәрігер-хирург.

234f9422-fd70-4bdd-a6f2-5f184ab61b2e

2007 – 2017 жылдары «Сырым аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК-да дәрігер-хирургі қызметін атқарды.
2017 жылдан бүгінгі күнге дейін «Облыстық көпбейінді аурухана» ШЖҚ МКК-да 5-хирургия бөлімінде жұмыс жасаған.

Әр жылдары білімін жетілдіріп отырған.

2010 жылы -  «Хирургия» циклі;
2016 жылы - «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ «Жедел нейрохирургиялық патологияны диагностикалау және емдеу» циклі;
2016 жылы - «Балалар хирургиясы» мамандығы бойынша, «Балалар хирургиясының өзекті мәселелері» циклі;
2017 жылы - «Жалпы хирургия» мамандығы бойынша «Жалпы хирургиясының өзекті мәселелері» циклі;
2017 жылы - «Жалпы хирургия» мамандығы бойынша «Эндоскопияның өзекті мәселелері» циклі;
2022 жылы - «Жалпы хирургия» мамандығы бойынша «Кеуде аурулары кезіндегі бейне тераскопия» циклі.

Басқарма басшысы жаңа директорды ұжыммен таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале