9.06.2023, 11:31
Оқылды: 54

Әскери қызметшілердің балаларына арналған үйірмелер ашылды

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады. Енді Астандағы әскери қалашықта тұратын балалар бос уақытын тиімді өткізе алады.

1f4887e0b05063a7b03eeb8c6ad13d3f_1280x720

Аталған шараға Құрлық әскерлері бас қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары генерал-майор Нұрлан Алдияров, әскери бөлім командирі подполковник Абай Әлібеков және бокстан еңбек сіңірген спорт шебері, 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының жүлдегері Марина Вольнова қатысты.

– Президент бұқаралық спортты дамытуға және ұлт денсаулығын нығайтуға ерекше көңіл бөліп келеді. Спортпен шұғылдану арқылы сендер күшті, төзімді боласыңдар, мінездерің қалыптасады. Бұл қасиеттердің бәрі болашақ Отан қорғаушыларға қажет, – деді генерал-майор Нұрлан Алдияров.

a39b1d4c7c14a7fb34f3f80044a40d32_1280x720

Бокс, қоян-қолтық ұрыс, футбол, волейбол және шахмат сияқты спорт секцияларының ашылуына әскери бөлім қолбасшылығы бастамашы болып отыр. Оған 7 жастан 14 жасқа дейінгі балалар қатыса алады. Балаларды республикалық және халықаралық додаларда топ жарған спорт шеберлері жаттықтырады.

– Мен тоғыз ай волейбол клубында жаттықтым. Онда барып-келуге айтарлықтай уақытым кететін. Енді, міне, тұрғылықты жерімде секция ашылып отыр. Бұл маған уақытты тиімді пайдалануға ыңғайлы, – дейді Дарина Богданова.

Спорттық секциялардан бөлек, балалар домбыра тартуды да үйреніп, «Шебер қолдар» үйірмесінде өздерінің шығармашылық қабілеттерін дамыта алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале