8.06.2023, 15:00
Оқылды: 40

Кәсіпкерлер аудан басшысымен кездесті

Бүгін Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының Жаңақала аудандық филиал директоры Гариб Асханбаевтың ұйымдастыруымен аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев пен ауданымыздың жеке кәсіпкерлері бас қосты.

IMG-20230608-WA0076

Сондай-ақ жиынға аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Абылай Кажкенов, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Светлана Бекқалиева, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының м.у.а. Нұркен Бисенбай, аудандық мәслихат депутаты Қамбар Каменов, «AMANAT» партиясының Жаңақала филиалының директоры Талғат Жанболатұлы қатысты.

IMG-20230608-WA0074
Жиын барысында А.Жаңабайұлы «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы, 35 жасқа дейінгі 2,5 пайыздық несие және халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатындағы мемлекеттік бағдарламалар жөнінде айтып өтті.
Сонымен қатар кәсіпкерлер Қуаныш Сапаров өндірістік жұмыспен айналысу үшін ғимарат құрылыстары жүзеге асу қажет десе, Қажымұрат Айданалиев ауыл ішіндегі бос тұрған ғимараттарға көкөніс сақтауға ұсыныс білдірді. Радмила Каденова кәсіпкерлерге арналған несие жөнінде сұрап және жұмысшылардың жұмысқа тұрақтамайтынын да айтты. Самат Аманжолов кәсіпкерлік бағытта ғимарат салып жатқанын және оған электр жарығын жалғау қиындық тудырып тұрғанын жеткізді. Жалпы ауылымызда электр жарығының жиі өшетінін, бұл азық-түлік дүкендеріне, әсіресе кассалық аппарат арқылы жұмыс жасайтын сауда нүктелеріне кедергі келтіретінін және қазіргі таңда көпшілік төлемді Kaspi.kz бағдарламасы арқылы жасайтындықтан, интернет желісінің баяулығы да үлкен қиындық тудыратынын кәсіпкерлер бірауыздан айтты.
Өз кезегінде аудан басшысы А.Жаңабайұлы электр жарығының жиі өшуі мен интернет баяулығы тек біздің аудандағы мәселе емес екенін жеткізіп, дегенмен биылғы жылы интернет желісінің дұрыс жасауы бойынша жұмыстар жүргізілетінін де тілге тиек етті. Сонымен қатар кәсіпкерлерді өндірістік бағыттағы кәсіп нысандарын ашуға шақырды. Өйткені, бұл біріншіден ауылымыздағы жұмыссыздар санын азайтса, екіншіден ауданға салық түсер еді деген көзқарасын білдірді.

Нұргүл Елтайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikprеss.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале