Бүгін аудандық жастармен жұмыс орталығының ұйымдастыруымен Шыңғырлау ауданының жеті кереметінің бірі - Қонақай көлі маңайында аудан әкімі Мұрат Өміралиевтің аудан жастарымен кездесу кеші оздырылды. Кештің тізгінін қолға алған аудандық жастармен жұмыс орталығының директоры Нұрлыбек Қайырбекұлы шараның мақсатын түсіндіріп өтті.
Әсем табиғат аясында еркін формат түрінде өткен кездесуге әр саланың жас мамандары қатысып, аудан басшысына өздерін толғандырған, қызықтырған сұрақтарын жолдай отырып, жауап алды. Кеш барысында Мұрат Амангелдіұлы қазақтың ұлттық ойыны - көкпардан облыстық турнирдің жеңімпаздары "Бөкенбай батыр" командасымен де сұхбат жүргізді.
Шарада өнерлі жастардың сүйемелдеуімен әсем әндер шырқалып, соңы киіз үйде жайылған кофе-брейкке ұласты.
Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz