11.06.2023, 15:23
Оқылды: 72

Жымпитыда жәрмеңке өтті

Аудан орталығы Жымпитыда дәстүрге сай ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті.
IMG_9813
Жәрмеңкеде Жымпиты, Бұлан, Жосалы, Жетікөл, Аралтөбе, Сарой, Қособа ауылдық округтерінің өнімдері сатылды.
IMG_9816
Құрт, май, ет, ірімшік, тары, талқан, қайнатылған құрт, көже, айран секілді өнімдер Жымпиты мен Өлеңті тұрғандарына арзан бағада ұсынылды.
Атап айтсақ, орташа есеппен сиыр етінің келісі 2200 теңгеден болса, тауық жұмыртқалары 60 теңгеден, сары май 6000 теңгеден, ірімшік 700 теңгеден, тары-талқан 800, айран 250, қаймақтың 0,5 литрі 2300 теңгеден болды.
IMG_9814
Аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов орынбасары Ерболат Ахметовпен сауда қатарларын аралап, сатушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
IMG_9815
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz  
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале