13.06.2023, 14:30
Оқылды: 19

Мектебіміздің мерейін көтерген

А.Тихоненко атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы аудандық, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы Кучер Светлана биыл алтын ұя мектебінен қанат қағып отыр. Светлана өте білімді, мақсаты биік, арманы асқақ оқушы, сонымен қатар «Алтын белгіге» үміткер.

фото Мектебіміздің

Светлана осы кезге дейін орта буыннан бастап аудандық байқаулардан жүлделі орындарды иеленіп, облыстық, республикалық білім додаларында сан мәрте жоғары нәтиже көрсете алды.

Атап айтар болсақ, республикалық пәндік олимпиадасында екі жыл қатарынан  орыс тілі мен әдебиеті пәнінен жүлделі ІІІ орын алып, Білім және ғылым министрі Ғ.Бейсембаевтың атынан дипломмен марапатталған еді. Облыстық білім басқармасы тарапынан «Ең үздік ауыл оқушысы - 2023» аталымына да ие болды.

Жуырда мектеп мақтанышы С.Кучер Орал қаласында балалар сарайында өткен олимпиада жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне арналған облыс әкімі Н.Төреғалиевтың қабылдауында болды. Облыс басшысы Светланаға сыйақы ретінде 50 000 теңгенің  сертификатын табыстады.

Мектебіміздің түлегі алдағы уақытта «Алтын белгі» төсбелгісін иеленіп, мемлекеттік грант иегері  атанарына сенім білдіреміз.

                                                                  Амина Назарова,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале