Жуырда Ақтөбе қаласының қалалық мәдениет үйінде КСРО және ҚР Халық әртісі Роза Бағланованың шығармашылығына арналған дәстүрлі «Ақмаңдайлым» атты көркемөнерпаздардың ашық ән байқауы өткен болатын.
Осы жүлделі өнер додасына Батыс Қазақстан облысының намысын қорғауға аудандық Халықтық «Елім-ай» әжелер ансамблі қатысып, жүлдемен оралды.
Өнер ұжымы ІІ дәрежелі дипломмен мараппаталып, сондай-ақ вокал жанры бойынша жеке дауыста ансамбль мүшесі Алтын Жарманова және баян аспабында сүйемелдуші Аман Сұлтанғалиев алғыс хатпен марапатталды.
Айгүл Байғалиева,
Шыңғырлау ауданы