14.06.2023, 11:15
Оқылды: 22

Адам құқығы мен бостандығы – басты назарда

Шыңғырлау ауданының прокуроры Серік Орынғалиев аудандық полиция қызметкерлерімен «Адам құқығы мен бостандығы және қызмет барысында қорлау, азаптау әрекетін болдырмау» тақырыбында кездесу өткізді.

IMG_3814

Кездесу барысында прокурор Серік Наурызғалиұлы мемлекет басшысы өткен жылы Қазақстан халқына жолдаған жолдауында азаптауға байланысты қылмыстарды тергеу жөніндегі функцияларды Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жүктеуіне орай осындай бағыттағы кездесулер жоспарлы түрде ұйымдастырылатынын тілге тиек етті. Яғни бұрын азаптау туралы істерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, полицияның өз қауіпсіздігі басқармалары немесе басқада да қылмыстық қудалау тергеген болса, қазір тек прокурорлардың құзыретіне берілгендігі жөнінде баса айтты.

Осы орайда Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 146 «Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар» бабына сәйкес лауазымды тұлғалардың өз міндетін атқаруда бопсалауға, қинауға жол бермеуге шақырды.

IMG_3841

Ал аудандық прокуратураның аға прокуроры Кенжебаев Азамат Ата заңымыз – Конституциямен адам құқығы мен бостандығы қорғалған, сондықтан әсіресе сотқа дейінгі тергеу кезінде қандай да ақпарат алу немесе мойындату үшін бопсалауға болмайтындығы, айыпаталушы да заң аясында қорғалатынын еске салды.

Жиын соңында  ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі С.Астафьев қызмет барысында ұжыммен құқықтық оқытулар, түсіндіретінін айтып, заңсыз әрекетке жол бермеуге тырысатынын жеткізді.

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале