16.06.2023, 11:00
Оқылды: 15

Рахмоновтың бапкері Шавкаттың қазір қандай жағдайда екенін айтты

UFC-де өнер көрсететін Шавкат Рахмонов келесі айқасына қатысты әлі нақты шешім қабылдаған жоқ. Бұл туралы DAR Team бапкері Азиз Разыев айтып берді. 

be7d063c-d0ef-4cf6-be22-26e28026845d

Фото: shavkatrakhmonov94

- Шавкаттың келесі жекпе-жегі қашан?

- Жаңа ештеңе айта алмаймын - ол Осетиядағы оқу-жаттығу жиынын аяқтады, қазір аздап тынығып жатыр, күніне бір жаттығады. Америкаға аттанып, сол жақта жекпе-жекті күтетін шығар. Қазір нақты ештеңе жоқ.

- Оның Гастелумды айқасқа шақырғанына қалай қарайсыз?

- Бұл мәселені бапкерлермен және Шавкатпен Америкада жұмыс істейтін Сайд бар, бәріміз талықладық. Мен өз ойымды айттым, қазір онымен топ-5 тізімдегі ешкім шықпайтын шығар, бір клубта жаттығатын Бернс қана бар, қалғандары бос емес. Ал Шавкатқа тұрып қалуға болмайды, енді топ-5 тізімдегі болмаса, онда аты шыққан файтер болсын. Әр айқас сайын титулға жақындау үшін жекпе-жек өткізіп отыру маңызды.

kaz.vesti.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале