Бүгін әлеуметтік желілерде Абай облысында өрт қайта өршіп, Шүлбі кентінің маңын қою түтін басқаны жайлы видео тарады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Фото видеодан кадр
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысы Шүлбі кентінің маңындағы қою түтінге қатысты жауап берді.
"Видео Шүлбі кентінің маңында түсірілген. Бұл жаңадан шыққан өрт емес. Оқшауланған өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі жағдайды ескере отырып, күштер мен құралдар қайта топтастырылған. Төтенше жағдайлар министрі сол жақта жүр. Жағдай толығымен бақылауда", - деді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Сондай-ақ олар қазір елді мекендерге ешқандай қауіп төніп тұрмағанын, өрттің таралуы тоқтатылғанын және қолда бар күштер мен құралдар оны толықтай сөндіруге жұмылдырылатынын мәлімдеді.
С. Сатыбалдина