Жәнібек ауданының орталығында 14 маусым, сағат 22:00 шамасында, 2021 жылғы бала Ғ. Қараш көшесі, 61 мекен жайында орналасқан тереңдігі екі метр, ашық, су толтырылған құдыққа құлаған.
Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Көрнекті фото zhaikpress.kz архивінен
Бала Жәнібек ауданының ауруханаға жеткізіліп, кейін есін жимастан көз жұмған.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, сот-медициналық сараптама тағайындалған.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпаратты жариялауға болмайды.
Сонымен бірге Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.